Мектеп әкімшілігі

 

Бокушов Қалдыбай Бокушович  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

14.05.1959 жылы дүниеге келді.Білімі жоғары. Чарджоу қаласындағы Түрікмен педагогикалық институтын 1994 жылы биология  пәні мамандығы бойынша бітірді. Iсанатты  биология пәні мұғалімі.Еңбек өтілі -30  жыл.2016жылы «Қазақ елінің үздік мұғалімі» жобасына қатысып,жобаның төс белгісімен,Алғыс хатымен марапатталды.

 

Нысанова Гаухарай Өтегенқызы мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.

 05.12.1985 жылы дүниеге келді.Білімі жоғары.Қайнар университетін 2008 жылы бастауыш сынып мұғалімі  мамандығы бойынша бітірді.2018 Алматы менеджмент университетін әкімшілік  іскерлік магистранты мамандығы бойынша бітірді. Жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі -15  жыл. 

2013жылы Мұнайлы аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен,2016жылы «Дарын» облыстық білім беру орталығының Алғыс хатымен марапатталды. "Мұнайлы ауданына -10 жыл" төсбелгісімен марапатталды. "2017-2018 оқу жылының - үздік директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары" номинациясымен марапатталды.

 

Сабалакова Мендеш Орысбаевна   мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары. 05.10.1971 жылы дүниеге келді . Білімі жоғары.  Қайнар университетін 2009 жылы бастауыш сынып мұғалімі  мамандығы бойынша бітірді. Жоғары санатты  бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі -23  жыл. 2016 жылы «Дарын» облыстық білім беру орталығының Алғыс хатымен, республикалық «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл» ғылыми-әдістемелік жұрналының Алғыс хатымен марапатталды.

 

Наурызбаева  Надежда Алтынбековна  мектеп директорының жалпы істер жөніндегі орынбасары.  

15.02.1959 жылы дүниеге келді.Білімі жоғары.С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін 2013 жылы бастауыш сынып мамандығы бойынша бітірді. I санатты  бастауыш сынып мұғалімі . Еңбек өтілі -11жыл. 2016жылы «Қазақ елінің үздік мұғалімі» жобасына қатысып,жобаның төс белгісімен,Алғыс хатымен марапатталды.

 

Актулаева  Рысгүл Изтургановна мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі  орынбасары.

06.05.1962 жылы дүниеге келді.Білімі жоғары.Н.К.Крупская (қазіргі Шәкәрім) атындағы Семей педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.Жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.Еңбек өтілі 30 жыл. 2013 жылы республикалық «Қазақ тарихы», 2016 жылы «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл»ғылыми-әдістемелік жұрналдарының Алғыс хатымен марапатталды. 2012 жылдан «Қазақ әдебиеті және мемлекеттік тіл »ғылыми-әдістемелік жұрналының алқаластар мүшесі. 2014 жылы облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2015 жылы облыстық «Тарих тағлымы» танымдық сабақта Мақтау қағазымен марапатталды.

 

Каракулов  Сардарбек Рахметтыллович мектеп директорының тәрбие  ісі жөніндегі орынбасы. 

04.05.1985 жылы дүниеге келді.Білімі жоғары.М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін 2006 жылы география пәні мамандығы бойынша бітірді. I санатты  география пәні  мұғалімі. Еңбек өтілі -10  жыл.2015 жылы "Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмысы комитетінің ", 2017 жылы " Облыстық білім басқармасының" алғыс хатымен марапатталды.2018 жылы Аудандық "Үздік тәрбие жөніндегі орынбасары " сайысында I орынға ие болды.Оқушылары облыстық ғылыми жобалардың жүлдегерлері.

Жарияланған күні: 18-10-2018  

Соңғы жаңалықтар

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

...

18 тамыз 2021